Қарағанды ​​облысы білім басқармасының «Асем» балалар үйі» КММ филиалы – Жарқын жеткіншектер үйі» (мекен-жайы: Қарағанды ​​қ., Ерубаева көшесі, 12 үй, тел. 8 (7212) 56-88-84, электрондық пошта: Zharkin2001@mail.ru, ddasem.kz сайты, Facebook: Asem Balalarui, Instagram: dd_asem)

«Жатақхана, мектеп-интернат тәрбиешісі» бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды (1 ставка)

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе педагогикалық бейіндегі (орта арнаулы, орта кәсіптік) жұмыс тәжірибесіне талаптарды ұсынбай кәсіптік білім; және (немесе) біліктілігінің орташа және одан жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, сарапшы-педагог үшін — кемінде 3 жыл, оқытушы-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл ; және (немесе) біліктілігінің ең жоғары деңгейі болған жағдайда, магистр-оқытушыға мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылды құрайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.08.2023 жылдан 22.08.2023

Лауазымдық міндеттері:

  1. Тәрбиеленушілердің оқу процесін бақылайды, тәрбиеленушілерді әлеуметтік және еңбекке бейімделуі бойынша жұмыстарды жүргізеді.
  2. Жеткіншектер үйінде тәрбие және мәдени жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді.
  3. Тәрбие жұмысының мазмұнын, формалары мен әдістерін жетілдіреді.

4.Тәрбиеленушілерді спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бала құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
  2. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
  3. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалайды.
  4. Тәрбиеленушілермен жеке жұмыс жүргізеді.
  5. Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауапты.
  6. Тәрбиеленушілер оқитын оқу орындарының оқытушыларымен, тәрбиеленушілердің жақын туыстарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
  7. Белгіленген құжаттама мен есептілікті жүргізеді.

Айлық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне сай 117508 теңгеден 146177 теңгеге дейін.

Конкурс ҚР БҒМ 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Конкурс өткізу күні мен орны: 23.08.2023 жыл, Қарағанды қ,. Ерубаева көшесі, 12 үй,,  Қарағанды облысы білім басқарамасының «Әсем» балалар үйі» КММ филиалы – Жарқын жеткіншектер үйі».

Конкурсты өту кезеңдерді:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;

3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;

4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау (5 жұмыс күні);

Кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібереді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.

Конкурска қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар жұмыс орнының немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің кадр қызметінің мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың

біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары мен электрондық пошта мекенжайлары: 8 (7212) 568884; э/почта: Zharkin2001@mail.ru, centerymit.kz  алуға болады.

Навигация